Үкіметте өңдеу өнеркәсібі жобаларын қолдау мәселесі талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиынға қатысушылар жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа активтер енгізу, сондай-ақ одан бірқатар коммуналдық меншік ұйымдарын алып тастау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі және автомобиль өнеркәсібін қолдау бағдарламасы шеңберіндегі кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ Алматы қаласында жаңа онкологиялық орталық салу мәселелері қаралды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметте өңдеу өнеркәсібі жобаларын қолдау мәселесі талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180274/)