Ресейдің Тверь облысында «Вагнердің» негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ құлады. Оның бортында болған 10 адамның барлығы - 7 жолаушы мен үш экипаж мүшесі қаза тапқан. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Росавиация таратқан тізімге сай, әуе кемесінің бортында Пригожинмен бірге оның серіктесі, Дмитрий Уткин мен осы топтың жауынгерлері болған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде ұшақ апатынан 10 адам қаза тапты: Бортта Евгений Пригожин болған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180319/)