Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеу керек. Мемлекет басшысы Үкіметке осылай деп тапсырма берді. Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу жайын ерекше атады. Бұл мәселе бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені айтылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент: Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды реттеу керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180415/)