Ақтауда үстіне жиһаз құлаған тұрғын қайтыс болды. Ер адам ауруханада көз жұмды. Айта кетейін, оқыс оқиға осыдан 8 ай бұрын 11-шағын ауданда болды. Өтіп бара жатқан 39 жастағы тұрғынның үстіне 6-қабаттан ас үй жиһазы құлап, мойын омыртқасына зақым келген. Соның салдарынан науқас сал болып қалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ жиһазды кім лақтырғаны сол күйі анықталмады.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда үстіне жиһаз құлаған тұрғын қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180417/)