«Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожиннің қаза тапқаны ресми түрде расталды. Мұны Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді. Бұл ұшақ апатынан кейін жүргізілген молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижесінде белгілі болған. Құлаған ұшақтағы барлық 10 адамның жеке басы анықталды. Еске салайық, Мәскеуден Петербургке ұшқан бизнес-джет өткен сәрсенбіде Тверь облысында апатқа ұшыраған еді. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Евгений Пригожиннің қаза тапқаны ресми түрде расталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180422/)