Шымкентте бұршақ жауды. Ауа райы күрт бұзылып шаһар тұрғындарын әп-сәтте әбігерге салды. Жұрт ғимараттарға, аялдамаларға тығылуға мәжбүр болған. Бұршақ аралас жаңбыр Түркістан облысының біршама аудан-қалаларында да жауды. Тіпті кей аймақтарда жарық өшіп, ағаштар құлаған.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте бұршақ жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180425/)