Жыл басынан бері орамжапырақ 66 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы азық-түлік құнына қатысты деректерді жариялады. Мұнан бөлек, сәбіз бен күріш бағасы 34 процентке дейін шарықтаған. Қымбаттаған азық-түлік қатарында пияз, сүт пен сиыр еті бар. Баға, әсіресе, Жезқазған, Астана мен Талдықорған қалаларында көтерілген. Ал қарақұмық, күнбағыс майы, қант, ұн мен жұмыртқа біршама арзандады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде көкөніс, сүт пен ет бағасы өскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180463/)