Қыркүйектен бастап астаналық қоғамдық көліктердің электронды төлем жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Маршруттардағы валидаторлар жаңасына ауыстырылып, NFC технологиясы мен Bluetooth арқылы төлем тәсілі қосылады. Сондай-ақ, жолақысын екінші деңгейлі банк карточкалары арқылы төлеу мүмкіндігі де пайда болады. Осылайша қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 5 тәсілмен төлеу енгізіледі. Ал тексерушілер жаңа замануи терминалдармен қамтылады. Олар төлемнің бар-жоғын анықтап қана қоймай, қоғамдық көліктердегі төлемді бұғаттау мүмкіндігіне де ие болмақ. Бұл жаңашылдықтарды кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы қоғамдық көліктердің электронды төлем жүйесіне өзгерістер енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180528/)