Тәжікстанда нөсер жаңбыр мен сел салдарынан 21 адам қаза тапты. Мұны жергілікті Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. Олардың дерегінше, құрбандардың 17-сі – Вахдат қаласының тұрғыны. Қалған төртеуі – ел астанасы Душанбенің шетіндегі аудандардан. Тәжікстанда өткен жексенбі-дүйсенбі күндері толассыз жауын құйып, арты сел мен лай көшкініне ұласты. Тау ішіндегі жолдар бұзылды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәжікстанда тасқын мен лай көшкінінен 21 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180539/)