5 кенші қаза тапқан Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында жұмыстар толықтай тоқтатылды. Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағы хабарлады. Қазіргі уақытта 600-ге жуық жұмысшы басқа шахталарға жұмысқа орналастырылды. Айта кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, адам шығыны болған еді.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» шахтасының жұмысы тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180685/)