Түркияда жылдық инфляция көлемі 60 процентке жуықтады. Бұл жайлы елдің ұлттық статитистика институты хабарлады. Экономистердің пікірінше, азық-түліктің қымбаттауы, лираның әлсіреуі мен салық мөлшерінің артуы осыған әкеп соқтырған. Түркияда азық-түлік бағасы 73 пайызға өскен. Ал жанар-жағармайға акциз тіпті 200 пайызға көтерілді. Медициналық қызмет көрсету құнының қымбаттау 80 пайызға жуықтайды. Елдің Орталық банкінің болжамына сай келер жылы инфляция деңгейі ептеп төмендеуі мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда жылдық инфляция көлемі 60 процентке жуықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180767/)