Үндістан астанасы Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті қарсаңында лангур маймылдарының кескіні пайда болды. Олардың маңына осы приматтардың дауысын айнытпай салатын арнайы адамдар қойылған.
Бұл шараның мақсаты – лангурлардың макетімен макаки тәрізді ұсақ маймылдарды қорқыту. Себебі макакилар Нью-Делидің көптеген аудандарында жолдарға жүгіріп шығып, өз бастарын да, жүргізушілерді де қауіпке душар етеді. Сонымен қатар, бұл жануарлар кейде бейқам кетіп бара жатқан адамдарға кенеттен шабуыл жасайды.
Айта кетсек, Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» мемлекеттері басшыларының кездесуі қыркүйектің 9-10-ы күндері өтеді. Саммиттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 130 мыңдай полицей мен жауынгер де тартылып отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда лангур маймылдарының макеті күзетке қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180783/)