Орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу керек. Президент жаңадан тағайындалған Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа осындай тапсырма жүктеді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асуын ерекше бақылауға алу қажет екенін ескертті. Мемлекет басшысы министрлікке қарасты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартып, ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру керектігіне назар аударды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Экология және табиғи ресурстар министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180825/)