Түркиядағы жол апатынан кейін қаза тапқан Арайлым Нұғыманованың жұбайы Нұрболат Құрмашев та көз жұмды. Ол оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Газипаша -Анталья тас жолында жол талғамайтын көлік туристер мінген машинаны соғып, қарсы бетке шығарып жіберген. Апаттан жерлесіміз, атыраулық Арайлым Нұғыманова мен 2 жасар қызы мерт болды. «Ал жарақат алған 9 жастағы ұлдарының өміріне қауіп жоқ», - дейді дәрігерлер. Марқұмдардың артында бір ұл, бір қызы қалды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркиядағы жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180838/)