Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамы алғашқы отырыстарын өткізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары болды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, жоба ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ІТ, көлік-логистика, туризм, құрылыс сияқты салаларды қамтитын 100 іс-шарадан тұрады. Әлихан Смайылов жоспардағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау үшін орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамы алғашқы отырыстарын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180853/)