Мәскеуде ресейлік сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауымен танысып, пікір білдірді. Жолдауда экономикалық бағытқа басымдық берілгенін жоғары бағалап отыр. Әсіресе, жаһандық проблемалар: электр қуаты, су ресурстары мәселелері қамтылғанына және оны шешу үшін нақты тапсырмалар берілгеніне тоқталды. «Сондай-ақ, сан түрлі саладағы серпінді бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға сеп болмақ»,- дейді мамандар.
Андрей Марголин, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының проректоры:
Қазақстан-Еуразияның жүрегі. Жолдауда айтылған стратегиялық маңызды міндеттердің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану. Яғни, транзиттік әлеует нығаяды. Жаңа порттарды салу, инфрақұрылымды жақсарту арқылы барлық сала ілгері басады деп ойлаймын.
Индира Бегайдер
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейлік сарапшылар Жолдауға қатысты пікір білдірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180854/)