Ертең Қазақстан футболшылары Финляндия командасын қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Қазақстан футболшылары Финляндия командасын қабылдайды

06.09.2023

Ертең футболдан ұлттық құраманың жанкүйерлері үшін үлкен мереке. Қазақстан футболшылары Финляндия командасын қабылдайды.

Еуро-2024 додасының іріктеу тобында көш басында тұрған қос құрама үшін де бұл ойынның маңызы зор. Ал жаңа ғана қос тарап баспасөз конференциясын өткізіп, ойын алдындағы ашық жаттығуын өткізді.

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Жігіттердің әзірлігі де, көңіл-күйі де жақсы. Бас бапкер Магомед Адиевтің шәкірттері жеңістен үмітті. Ертең мына 30 мың адам сиятын «Астана-Арена» стадионы лық толмақ. Билеттер екі апта бұрын толықтай сатылып кеткен. Ұлттық құрама үшін маңызды ойында жанкүйерлер қызу қолдау көрсететіні түсінікті.


Хабарламаларға жазылу