Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер Солтүстік Кипрде жасырынған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің опреациясы нәтижесінде кеше олар Астанаға жеткізілді. Елдос Қоспаев құрған қылмыстық топқа рейдерлік жасады, кәсіпкерлерді қорқытып-үркітті, көлеңкелі бизнеспен айналысты деген бірқатар ауыр айып тағылған.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдос Қоспаев пен оның 7 сыбайласы Кипрде ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180887/)