Алматыда жүргізушісі жоқ автобус кенеттен жүріп кетті. Оқиға Абай мен Наурызбай көшелерінің қиылысында болған. Жол жиегінде тұрған қоғамдық көлік артқа жүріп кетіп, бағдаршамда тұрған төрт көлікке соқтығысқан. Бұл кезде № 79 автобустың жүргізуші сыртта жүрген. Полиция департаментінің дерегінше, жол көлік оқиғасы салдыранан «Киа» маркалы автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жүргізушісі жоқ автобус кенеттен жүріп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180890/)