Бурабай курорттық аймағындағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері астан уланды. Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Қалғаны үйлеріне қайтарылған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары бірқалыпты. Барлығына бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір аудандық сан-эпид бақылау басқармасы қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеруді бастап кетті.
Серік Омарханов, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары су, тамақ, өнімдері және шайындылардың сынамаларын алып, зертханаға жіберді. Алғашқы қорытындысы үш күнде белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым жоқ.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бурабайдағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері астан уланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180918/)