Sinopec компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен компания президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласындағы жаңа жобалар жайын талқылады. Қытайлық компанияның тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жоба жүзеге асқан. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңғыртуда өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізде мықты өнеркәсіптік негіз қалыптастыру қажеттігін айтты. Бұл ретте Қазақ-Қытай арасында энергетика саласы бойынша ынтымақтастық артып келеді.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметте мұнай-газ саласындағы жаңа жобалар талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180957/)