Қасым-Жомарт Тоқаев «SINOPEC» корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады. Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Президент отандық компаниялардың «SINOPEC» корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев «SINOPEC» корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180982/)