Бүгін «Үлкен жиырмалық» елдерінің жетекшілері Үндістан астанасы Нью-Делиге жиналып жатыр. Ертең мұнда осы топтың саммиті ашылады. Оған АҚШ президенті Джо Байден, Британия премьер-министрі Риши Сунак, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған және өзге де алып мемлекеттердің басшылары қатысады.
Сенбі-жексенбі күндеріне жоспарланған саммит «Әлем – бір отбасы» деген атаумен өтеді. Онда дамушы елдерге несие беру, халықаралық қарыз архитектурасын реформалау, криптовалюта ережелері және бүгінгі геосаяси ахуалдың әсері талқыланады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Үлкен жиырмалық» елдерінің жетекшілері Үндістанда жиналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180993/)