Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 6,5 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әсіресе, күріш, сүт, ұн және макарон өнімдерінің бағасы айтарлықтай көтерілген. Сарапшылар мұны азық-түлік қорының жетіспеушілігімен байланыстырады. Салдарынан еліміз импортқа тәуелді. Оның үстіне былтыр қуаңшылықтың кесірінен көкөніс өсіретін егістік алқаптары азайып, баға қымбаттай түсті. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі өнім кіреді. Үкімет олардың шекті бағасын белгілеп, құнды негізсіз шарықтататындармен күрес жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 6,5 пайызға қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181004/)