Ертең, 10 қыркүйекте Астанада футболдан Еуро-2024 чемпионатына іріктеу турнирінің матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды. Айта кетейік, біздің футболшылар Солтүстік Ирландиямен соңғы рет маусым айында ойнаған еді. Шаршы алаңда отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің шәкірттеріне ертеңгі ойында жеңіс тілейміз. Қазақстан-Солтүстік Ирландия арасындағы матч ертең сағат 19.00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Біздің футболшыларға жанкүйер болайық.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футбол: Қазақстан мен Солтүстік Ирландия ойнайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181038/)