Үндістанда «Үлкен жиырмалық» саммиті аяқталды. Оның жабылу сессиясында премьер-министр Нарендра Моди осы топқа төрағалықты Бразилия президенті Лула да Силваға табыстады. Демек «Жиырмалық» лидерлерінің келесі жылғы кездесуі Бразилияда өтеді. Биыл «Үлкен жиырмалыққа» 1 миллиард адам тұратын Африка одағы қосылды. Сонымен қатар, форумға қатысушылар әлемде экологиялық таза энергияны үш есеге ұлғайту бойынша күш-жігерді жалғастыруға және ынталандыруға уағдаласты. Бұған қоса, Үндістан таза отынды пайдалану деңгейін арттыру үшін АҚШ-пен және Бразилиямен жаһандық биоОтын альянсын құрғанын жариялап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда «Үлкен жиырмалық» саммиті аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181070/)