Қазақстандық шахматшы қыздар Польшада өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына шықты. Олар жартылай финалда Франция спортшыларын 4:0 есебімен жеңді. Ел намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова,Әмина Қайырбекова және Әсел Серікбай қорғайды. Шешуші сында отандастарымыз Грузия құрамасымен бақ сынасады. Финал елорда уақытымен сағат 18-00-де басталады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шахматшыларымыз Әлем чемпионатының финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181103/)