Атаулы әлеуметтік көмек алған 100 мыңнан аса отбасы кедейлік шегінен құтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ай сайынғы жәрдемақыдан бөлек, олар жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына жіберілген.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі - Түркістан облысында. Мұнда ай сайын 25 мыңнан аса отбасы жәрдемақы алып отыр. Одан кейін Шымкент қаласы, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облысында әлеуметтік төлем алушылар көп. Тиісті жәрдемақы - табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атаулы әлеуметтік көмек алған 100 мыңнан аса отбасы кедейлік шегінен құтылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181119/)