Көкшетауда шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ұсталды. Қылмыстық топ екі жыл қатарынан мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, Еуропадан әкелінген 100-ден аса жүк машинасын қазақстандық есепке қойған. Шығын шамамен 700 миллион теңге. Қазір осы іске қатысты тергеп-тексеру басталды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда 100-ден астам көлікті заңсыз тіркегендер ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181142/)