Елдегі шекара қызметкерлеріне медициналық жәрдем көрсету үшін бөлімшелерді замануи жабдықтармен қамтамасыз ету керек.
Бұл жайында ТМД мемлекеттері шекаралық ведомстволарының әскери-медициналық құрылымдары бас қосқан жиында айтылды. Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген делегация бірқатар мәселені ортаға салды. Сондай-ақ облыс орталықтарынан шалғай орналасқан шекара қызметкерлері мен олардың отбасы үшін медициналық бөлімшелерді жаңалап, құрал-жабдықпен қамту жолдарын іздеді.
Махаббат Балтабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери медицина басқармасының бастығы:
Нанотехноголия дейді, телемедицина дейді, соны әскери медицина саласына енгізу керек. Әскери медицина саласын нығайту, одан кейін дәрежесін көтеріп, екі жылдың ішінде нығайту керек.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД өкілдері әскери медицина саласын талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181144/)