Мемлекет басшысы шахматтан Әлем чемпионатында күміс медальға ие болған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады. Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық Әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды Президент өзінің Instagram парақшасында.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181154/)