Австралияның «Кантас» әуе компаниясы 1700 адамды пандемия кезінде жұмыстан заңсыз шығарған. Мұны елдің Жоғарғы соты жариялады. «Би-би-си» телерадиокорпорациясының хабарлауынша, шешім шыққаннан кейін «Кантас» басшылығы бұрынғы қызметкерлерінен кешірім сұраған. Карантин кезіндегі штатты қысқарту әрекетін қаржы үнемдеу мақсатында жасалған шара еді деп мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австралияда 1700 адам жұмыстан заңсыз шығарылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181195/)