Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин Қиыр Шығыстағы «Восточный» космодромында кездесті. Кей болжамдарға қарағанда, Солтүстік Кореяда ондаған миллион артиллериялық снаряд пен ракета бар. Оқ-дәрісі азайған Ресейге қазір қару өте қажет. Ал Солтүстік Корея азық-түлік пен энергияға мұқтаж. Осыған дейін Вашингтон Ресейді қарумен қатамасыз етпеу туралы бұл елге ескерту жолдаған. Алайда Мәскеу мен Пхеньян ондай келісім жасалатынын жоққа шығарды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181207/)