Вьетнам астанасы Ханойда тұрғын үй кешені өртеніп, 8 адам қаза тапты. Тағы он шақты адам жараланып, 70 тұрғын құтқарылды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт 9-қабатты үйде басталған. Іздеу-құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр.
Ханой шахарында халық саны соңғы жиырма жылда төрт есеге өсіп, 5 миллион 200 мыңнан асқан. Билік өкілдерінің сөзінше, жаңадан бой көтерген ғимараттардың көбі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вьетнамда үй өртеніп, 8 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181222/)