Қостанай облысында киіктер егіс алқаптары мен жайылымды таптап, ақ тақырға айналдырып жатыр. Әсіресе Наурызым, Қамысты, Амангелді, Жангелдин аудандарының шаруалары қатты зардап шеккен. Аймақта астықтың шығымы онсыз да төмен. Диқандар гектарына 8 центнерден өнім алса соны қанағат тұтады. Ал киіктер егінге түсіп жайылатындықтан бұл көрсеткіш былтыр 2-3 центнерге дейін азайған. Диқандар «уақыт пен қаржымыз егістікті киіктен қорумен өтіп жатыр» деп налиды.
Ерден Сейітжанов, шаруа:
Егінімізде 5-10 мыңға дейін киік жүрді биыл. Нақ егін өсіп жатқан уақытта. 30 пайызға дейін шығын болды. Себебі киік аунайды, жейді, тұяғымен таптайды. Көбейік кеткендігінен зардап шегіп отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында киіктер егін мен шабындықты таптап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181262/)