Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге жұмыс сапары аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өзара стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Басқа да бірқатар өзекті мәселелер пысықталды.
Данияр Қайыртай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентімен келіссөз жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181296/)