Алматыда қара тізімге іліккен тұрғын үй кешендері азаймай тұр. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қазір бұл тізімде 5 тұрғын үй кешені бар. Олардың барлығының құжаттары толық емес. Сондықтан әкімдік тарапы, «Бағанашыл», «Pri-ority», «Sofia Village», «Питтсбург» және «Sky Park» үйлерінен пәтер сатып алмауға кеңес береді. Мамандар баспана алмас бұрын алдымен салынып жатқан кешендердің құжаты бар-жоғын тексеру керектігін ескертеді. Оны мына WhatsApp анықтамалық нөмірі арқылы әб-сәтте біле аласыз. 8 705 89 66 000.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы әкімдігі «қара тізімге» іліккен тұрғын үй кешендерін атады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181340/)