Шымкентте жалған ақша таратқан ерлі-зайыпты азаматтар ұсталды. Олар банк қызметкерлерімен сөз байласып, қаржы ұйымы арқылы 4 мың еуро сатқан. Номиналы 500 еуро болатын жалған купюралар ешкімде күдік тудырмаған. Ерлі-зайыпты алаяқтар Швеция елінде жүрген жерінен ұсталып, елімізге экстрадицияланды. Ал олардың сыбайласы болған банктің бес қызметкері 5 жылға сотталды.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте жалған ақша таратқан ерлі-зайыпты азаматтар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181359/)