Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған. 2 жыл ішінде 24 миллионнан астам теңгені өзінің жеке есепшотына аударып үлгеріпті. «Еркетай» балабақшасы қызметкерінің баласы, туғанынан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, 1-топтағы мүгедек.
Бас есепші кінәсін мойындап, жымқырған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан. Күдікті «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену» бабымен 6 жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Мұнымен қоса ол 24 млн теңгені мемлекетке қайтаруға міндеттелді.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында бас есепші баласын емдету үшін қаржы жымқырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181360/)