«Отбасы-қауіпсіздік кілті». Осындай атпен Мажарстан астанасы Будапештте демографиялық саммит ашылды.
Шараға әлемнің 60 мемлекетінен мәртебелі мейман шақырылған. Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева қатысып жатыр. Басқосуда саясаткерлер, сарапшылар мен діни өкілдер отбасы институтының дамуына кедергі келтіріп тұрған демографиялық проблемаларды талқылауда. Аида Балаева жиналғандарға Қазақстандағы отбасы-демографиялық даму саясаты туралы, ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарламалар жайлы баяндады. Сондай-ақ, сапар аясында Мәдениет және ақпарат министрі Мажарстанның Мәдениет және инновация министрі Янoш Чакпен кездесті. Олар екіжақты мәдени ынтымақтастықты арттыру жайын талқылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Отбасы – қауіпсіздік кілті»: Будапештте демографиялық саммит өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181408/)