«Қазақстан» шахтасында болған апатқа жұмыс беруші тарап 100 пайыз кінәлі. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осылай деп мәлімдеді. Үкіметтік комиссия қорытындысына сәйкес кеніштен өрескел техникалық ақаулар мен қателіктер табылған. Шахтаның инженерлік-техникалық жағдайына өндірістік бақылау ықтиятты жүргізілмеген. Жұмыс беруші тарап техникалық қауіпсіздікке салғырт қараған. Еске салсақ, 17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, 5 адам көз жұмған еді. Қаза тапқан жұмысшыларға еңбек келісім-шартына сәйкес отбасына 10 жылдық еңбекақысы көлемінде метариалдық көмек берілетін болады.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдайлар министрі: Шахтадағы апатқа жұмыс беруші кінәлі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181488/)