Астанада «Азық-түлік корпорациясының» басшылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Азық-түлік корпорациясының» басшылары ұсталды

18.09.2023

Астанада «Азық-түлік корпорациясының» басшылары ұсталды. Олар сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді. Астық базасының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беріп жатқан кезде қолға түскен. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.Сонымен қатар, қаржы департаменті директоры мен Азық-түлік корпорациясының бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген еді. Жедел-іздестіру нәтижесінде Қостанай облысының Азық-түлік корпорациясы басшысы да қамауға алынды. Ол 100 мың тонна бидай көлемінде несие алу мәселесін кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге пара алған.


Хабарламаларға жазылу