«Kaspi bank» бөлімшесіне шабуыл жасаған Алихан Мурадовқа қатысты сот үкімі шықты. Мемлекеттік айыптаушы оны кінәлі деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, сот Мурадовты 7 жыл 6 айға қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде жазасын өтеуге үкім кесті. Естеріңізге салайық, Алихан Мурадов тура 3 ай бұрын каспи банк бөлімшесіне басып кіріп, тұтқын ұстау арқылы өз талаптарын орындатпақшы болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Kaspi Bank» бөлімшесіне шабуыл жасаған қылмыскер сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181516/)