Ертең Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады. Волейболдан ерлер құрамасы А тобындағы іріктеу кезеңінде бірінші ойынын өткізеді. Сонымен бірге Қазақстан спортшылары жағажайдағы волейболдан да бақ сынайды.
Таңғы сағат 8:30-да Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездеседі. Ал 14:00-де жағажайдағы волейболдан әйелдер құрамасы Индонезияға, 19:00-де Шри-Ланка командасына қарсы ойнайды. Ерлер құрамасы 7:00-де Тимор-Лесте спортшыларымен өзара мықтыны анықтайды. Іріктеу сайыстары Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні ертең басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181524/)