Австралияда аптап ыстықтың беті қайтпай тұр. Елдің оңтүстік-шығысында орман өрті қаупінен мектептер жабылды. Ал Сидней көшелерінде от жағуға мүлдем тыйым салынды. Сынап бағанасы +34 градусты көрсетіп тұр. Бұл мезгілде күннің осыншама шыжуы әдетте Австралияға тән емес. Оның үстіне елдің Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 61 орман өрті тіркелген. Тілсіз жаумен 500-дей маман күресіп жатыр. Өрт күшті желдің әсерінен өрши түсуі мүмкін деген де үрей бар.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австралияда аптап ыстықтан мектептер жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181576/)