Ақтауда облыстық ауруханада өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды. Қызыл жалын 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінде тұтанған. Медбике шаруашылығы бөлмесінің желдету каналында өрт ошағы анықталды. Өрт сөндірушілер тұтанған аумақты 1 сағат шамасында толық өшірді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Аурухана штаттық режимде жұмыс істеуде.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда ауруханада өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181669/)