Президент АҚШ-та әлемдік масштабтағы өзекті мәселені көтерді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында көтерген мәселелерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған түрлі тағылық әрекеттер - еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышанын жояды. Президент АҚШ-қа сапарында: «Бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда дінаралық және конфессияаралық диалог аса маңызды. Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз», - деген еді.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас мүфти: Президент АҚШ-та әлемдік масштабтағы өзекті мәселені көтерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181674/)