Астанада «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара аясында профессордың шығармаларынан шеберлік дәрістер оқылды. Сондай-ақ, «Тарази оқулары» атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, фото-көрме ұйымдастырылды. Жиында мерейтой иесінің үзеңгілес достары мен шәкірттері естеліктерімен бөлісті. Әкім Тарази қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын өз стилі мен жолын қалыптастыра білген шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер-жазушы.
Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Әкім ағамыздың әдеби өмірге келуі - ол құбылыс. Жан-жақтан көрген-білгенін, қан тамыры арқылы сызат берген білім нәрімен Пәлсапалық дүниелерді қазақ халқына аямай сыйлады. Біз Тарази әлемімен мақтануымыз керек.
Ақмаржан Ғафиз
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» атты конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181675/)