Қазақстандық спортшылар бессайыстың финалына өтті. Ерлер құрамасы семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түсті.
Финалда бұл сайыстарға конкур қосылады. Әйелдердің сайысында қатысушылардың саны аз болғандықтан отандастарымыз іріктеусіз, бірден жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Шешуші сайыс 24 қыркүйек күні өтеді. ТОП-5 енген спортшылар Олимпиада лицензияларын иеленеді. Бірақ 1 елге тек 1 жолдама беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар бессайыстың финалына өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181784/)