«Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімі «Міржақып. Оян, қазақ» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатыр. 120 минуттық кинокартинада Алаш қайраткерінің революциядан кейінгі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы азапты күндері көрініс тапқан. Еске салайық, бұған дейін, Ұлттық арнаның бастамасымен Міржақып Дулатов жайлы 6 бөлімдік телесериал түсіріліп, көрермен арасында кеңінен танылған еді.Сериалдан құрастырылған толық метражды фильм де, көпшіліктің көңілінен шығары анық.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/181807/)